Сирияның астанасында бірнеше жарылыс болды
(last modified Sun, 02 Sep 2018 08:45:04 GMT )
Қыр 02, 2018 14:45 Asia/Almaty
  • Сирияның астанасында бірнеше жарылыс болды

Жергілікті дереккөздері Сирияның астанасы Дамаск маңындағы "әл-Мәззе" әскери әуежайында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады.

Russia Today ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, себебі белгісіз жарылыстардың салдарынан "әл-Мәззе" әскери әуежайы өртке оранған.  

Ливанның al-Mayadeen телеарнасы өзінің әскери дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша,  сионистік режимнің қырғи ұшақтары "әл-Мәззе" әскери әуежайын нысанаға алған.

Сирияның бір әскери дереккөзі осы елдің әл-Ахбария телеарнасына берген сұхбатында сионистік режим қырғи ұшақтарының "әл-Мәззе" әскери әуежайына шабуылын теріске шығарып: "Әл-Мәззе" әскери әуежайында болған жарылыстар бір оқ-дәрі қоймасында электр сымдарының айқас тұйықталуы салдарынан туындады",-деді.

Израиль лаңкестердің Сирияда жеңіліс табуына қатты алаңдап отыр.  

 

Тегтер