Саудиялық коалиция йемендік балаларды өлтіргенін мойындады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38860
Саудиялық басқыншы коалиция Йеменнің Саада облысында йемендік балаларды тасымалдаған автобусты нысанаға алғанын мойындады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2018 14:52 Asia/Almaty
  • Саудиялық коалиция йемендік балаларды өлтіргенін мойындады

Саудиялық басқыншы коалиция Йеменнің Саада облысында йемендік балаларды тасымалдаған автобусты нысанаға алғанын мойындады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, саудиялық басқыншы коалицияға қарасты Йемендегі оқиғаларды бағалау тобының ақпарат өкілі сенбі күні: "Саада облысында йемендік балаларды тасымалдаған автобусқа шабуыл жасау қателік болды",-деп мойындады.  

Саудиялық басқыншы коалицияның қырғи ұшақтары 9 тамызда Саада облысының Дахиян қаласында йемендік балаларды тасымалдаған автобусты нысанаға алып, 55 баланы өлтіріп, 77 адамды жаралады.