Йеменде жүздеген саудиялық жалдамалы өлді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38867
Йемен армиясы мәлімдемесінде 2018 жылдың тамыз айында 674 саудиялық жалдамалының өлгені және жарақат алғаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2018 20:31 Asia/Almaty
  • Йеменде жүздеген саудиялық жалдамалы өлді

Йемен армиясы мәлімдемесінде 2018 жылдың тамыз айында 674 саудиялық жалдамалының өлгені және жарақат алғаны туралы хабарлады.

Йеменнің "Саба" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Йемен армиясы тамыз айында 267 саудиялық жалдамалының өлгенін, 407 жалдамалының жарақат алғанын және олардың 45 көлігінің жарылғанын мәлімдеді.

Сауд Арабиясы  Біріккен Араб Әмірлігі мен АҚШ және басқа бірнеше мемлекеттің қолдауымен 2015-ші жылдың наурыз айында Йеменге әскери шабуыл жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды. Сауд Арабиясы мен одақтастарының соғысы осы уақытқа дейін 14 000-нан астам йемендіктің өліміне, ондаған мың адамның жарақат алуына және миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына соқтырды.