Йеменнің Халық конгресі Женева келіссөздеріне қатысуға әзірлігін жариялады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38868
БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Мартин Гриффитстің өткен тамыз айындағы Женева келіссөздеріне қатысуға шақыруына Йеменнің Халық Конгресі әзірлігін жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2018 20:51 Asia/Almaty
  • Йеменнің Халық конгресі Женева келіссөздеріне қатысуға әзірлігін жариялады

БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Мартин Гриффитстің өткен тамыз айындағы Женева келіссөздеріне қатысуға шақыруына Йеменнің Халық Конгресі әзірлігін жариялады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Йеменнің Халық конгресі жексенбі күні Женева келіссөздеріне қатысуға әзірліктерін қуаттап, келіссөздерге қатысатындардың есімдерін жақында жариялайтындықтарын хабарлады.

Саудиялықтар билік басына әкелген Йемен Президенті Мансур Хади үкіметінің Сыртқы істер министрі Халед әл-Имани да Женева келіссөздеріне қатысуға әзірлігі туралы жариялады. Бұдан бұрын Йеменнің Ансароласының баспасөз хатшысы Мұхаммад Абд әл-Салам: "Мартин Гриффитстің жобасында саяси үдеріске қатысты еш нәрсе айтылмаған",- деген болатын. Йеменнің Ансаролла қозғалысы сондай-ақ, қару тапсырып, берілу сынды ешбір шартты қабылдамайтынын қуаттап: "Кез келген келіссөз ешбір алдын ала шартсыз басталуы керек",- деп қуаттады.