Нетаньяху палестиналықтарға қолдау көрсететін ұйымды таратуды сұрады
(last modified Mon, 03 Sep 2018 07:57:51 GMT )
Қыр 03, 2018 13:57 Asia/Almaty
  • Нетаньяху палестиналықтарға қолдау көрсететін ұйымды таратуды сұрады

Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху екі апта бұрын Израильдің АҚШ-тағы елшісі АҚШ Сенатының Несие бөлу жөніндегі комитетінің аға мүшелеріне жеткізген құпия хатында бұл режимнің АҚШ-тың Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі ұйымға (UNRWA) қаржылай көмек көрсетуді тоқтатуын қолдайтынын қуаттады.

Сионистік режим телеарнасының хабарлауы бойынша, сионистік режимнің Жол және тасымал министрі Исраэль Кац та АҚШ президенті Дональд Трамптың палестиналық босқындарға қарсы шарасы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, сионистік режимнің кабинеті де өткен сенбі күні АҚШ-тың UNRWA ұйымына қолдау көрсетуді тоқтату жөніндегі әрекетін мақтап, бұл ұйымды израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы қақтығыстардың жалғасуы үшін миллиондаған адамға көмектесіп жатыр деп айыптады.