Зариф Дамаскке келіп жетті
(last modified Mon, 03 Sep 2018 09:13:26 GMT )
Қыр 03, 2018 15:13 Asia/Almaty
  • Зариф Дамаскке келіп жетті

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін дүйсенбі күні Сирия басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу мақсатында Дамаск қаласына келіп жетті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дамаск халықаралық әуежайында Зарифті Сирия СІМ-нің орынбасары Фейсал Меқдад қарсы алды.

Иран СІМ Сирия Сыртқы Істер Министрі орынбасарының ресми түрдегі қарсы алуынан кейін хазірет Зейнабтың (ғ.с) кесенесіне зиярат жасау үшін Дамаск маңындағы Зейнабие аймағына аттанып, содан кейін сириялық басшылармен, соның ішінде Сирия президенті Башар Асадпен кездеседі.

 

Тегтер