Ирак Президенті Басра қаласындағы Иранның консулдығына шабуыл жасағандарды жазалауды талап етті
(last modified Sun, 09 Sep 2018 09:01:56 GMT )
Қыр 09, 2018 15:01 Asia/Almaty
  • Ирак Президенті Басра қаласындағы Иранның консулдығына шабуыл жасағандарды жазалауды талап етті

Ирак Президенті Фуад Масум сенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, Басра қаласындағы Иранның консулдығына жасалған шабуылды айыптап, тез арада тексеріс жүргізіліп, шабуыл жасағандарды анықтап, заңды түрде жазалауды талап етті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Фуад Масум, сондай-ақ, осы мәлімдемеде ИИР мен Ирактың достық қарым-қатынасын сақтау қажеттігін қуаттап, екі үкімет пен халықтың байланыстарын кеңейтуді қалайтынын білдірді.

Сонымен қатар, Ирактың "Хашд әш-Шааби" халықтық күштері ұйымы басшысының орынбасары Абумахди әл-Мухандес сенбі күні кешке: "Бұл ұйымда Ирактағы АҚШ елшілігі мен консулдығының Басрада орын алған жуырдағы бейберекеттікке қатысы бар екендігін көрсететін мәліметтер бар",-деп мәлімдеді.

Жұма күні кешке бір топ адам қызмет көрсету жағдайының нашарлығына наразылық білдіріп, Иранның консулдығын өртеп жіберді.

 

Тегтер