"Оралу құқығы" шеруінде үш палестиналық шәһид болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i39033-Оралу_құқығы_шеруінде_үш_палестиналық_шәһид_болды
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке осы аптадағы палестиналықтардың Газа секторында ұйымдастырған "Оралу құқығы" атты шеруі кезінде үш палестиналықтың, соның ішінде 14 жастағы жасөспірімнің сионистік режим әскерилерінің оғынан шәһид болып, 30 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 15, 2018 15:42 Asia/Almaty

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке осы аптадағы палестиналықтардың Газа секторында ұйымдастырған "Оралу құқығы" атты шеруі кезінде үш палестиналықтың, соның ішінде 14 жастағы жасөспірімнің сионистік режим әскерилерінің оғынан шәһид болып, 30 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Газа секторында өмір сүретін палестиналықтар жиырма бесінші жұма қатарынан шекаралық аймақтарға барып, "Қарсыласу – біздің таңдауымыз" деген ұранмен "Оралу құқығы" атты ірі бейбіт шерулерге қатысып жатыр.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, шерулерде 181 палестиналық сионистік режим әскерилерінің оғы салдарынан шәһид болып, 19 000-нан астам адам жараланған. Олардың кейбіреуі ауыр халде жатыр.