Лариджани Ирак Мәжілісінің жаңа төрағасымен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Mon, 17 Sep 2018 11:54:57 GMT )
Қыр 17, 2018 17:54 Asia/Almaty
  • Лариджани Ирак Мәжілісінің жаңа төрағасымен телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ирак Мәжілісінің жаңа төрағасымен телефон арқылы сұхбатында оны осы қызметке сайлануымен құттықтады.

Иран Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Али Лариджани жексенбі күні Ирак Мәжілісінің жаңа төрағасы Мохаммад Рикан әл-Халбусимен телефон арқылы сұхбатында бұл елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайдың тұрақтылық пен қауіпсіздікке жетіп, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін Ирак Мәжілісі депутаттарының талпынысымен елдегі қазіргі саяси үдеріс пен Ирак президенті мен премьер-министрі сайлауларының сәтті өткізілетіндігіне үміт білдірді.

Ирак Мәжілісінің жаңа төрағасы да ИИР-на алғыс білдіріп: "Ирак халқы мен депутаттары әрдайым ИИР-ның өткенде және қазіргі кезде Иракқа көрсеткен адал көмегі мен қолдаулары, әсіресе ДАИШ лаңкестік тобынан азат етудегі көмектері үшін алғысы шексіз.

Ирак Мәжілісінің депутаттары ИИР-на қарсы кез кезген қысым мен экономикалық санкцияға қарсы. Себебі, санкцияларды әділетсіз деп санайды",- деп баса айтты.

 

 

 

Тегтер