Сионистік режим Сирия Президентін қастандық жасаумен қорқытты
(last modified Tue, 18 Sep 2018 09:11:20 GMT )
Қыр 18, 2018 15:11 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Сирия Президентін қастандық  жасаумен қорқытты

Сионистік режимнің соғыс министрлігі Башар Асадтың тұратын жері, Дамасктің халықаралық әуежайы мен Сирия Армиясының танктері орналасқан мекен деген уәждерімен бірнеше суретті жариялап, Президентті қастандық жасаумен қорқытты.

"Меһр" ақпарат агенттігінің сионистік режимнің The Times of Israel ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, хабарлауы бойынша сионистік режимнің соғыс министрлігі  дүйсенбі күні өзінің соғысқұмарлығына басып, суреттерді  "Ofek 11" деген ең жаңа тыңшылық спутник түсіргені туралы уәж айтты.

Сионистік режимнің басшылары бұдан уақыт бұрын Сирия Армиясы ДАИШ лаңкестік тобын жеңіп, елінің оңтүстік аймақтарында лаңкестердің позицияларына қарсы әрекет жасаған кезде де Башар Асадты қастандық жасаумен қорқытқан болатын.

 

 

 

 

Тегтер