Ирактың Ішкі істер министрі Ахваздағы лаңкестік шабуылды айыптады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i39111
Ирактың Ішкі істер министрі Ғасем әл-Араджи Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Ахваздағы лаңкестік шабуылды айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 22, 2018 20:46 Asia/Almaty
  • Ирактың Ішкі істер министрі Ахваздағы лаңкестік шабуылды айыптады

Ирактың Ішкі істер министрі Ғасем әл-Араджи Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Ахваздағы лаңкестік шабуылды айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың Ішкі істер министрі Ахвазда лаңкестердің Қасиетті қорғаныс аптасының басталуына орай өткізілген әскери шеруге жасаған шабуылға білдірген реакцияда: "Ирактың дарға асылған диктаторы Саддам режиімінің Иранға шабуылы күнінің жылдығында осындай шабуылдың жасалуы лаңкестердің болмысы мен үстемшілдердің қолшоқпарларының Иранның мұсылман халқына деген жауластығын көрсетті",-деді.

Әл-Араджи осы шабуылда шәһид болғандарға Алланың рақымын тілеп: "Мұндай лаңкестік әрекеттер Иран халқының қуаты мен беделіне сызат түсіре алмайды",-деді.

Сенбі күні "Әл-Ахвазие" тәкфирлік лаңкестік тобы «Қасиетті қорғаныс» аптасының басталуына орай өткізілген әскери шеруде жиналған қауымға оқ жаудырып, 10 адамды шәһид етіп, ондаған адамды жаралады. Олардың көбі – әскери емес қарапайым халық.