ХАМАС: Махмуд Аббастың сөзі оның жеке көзқарасын білдіреді
(last modified Sun, 23 Sep 2018 09:01:17 GMT )
Қыр 23, 2018 15:01 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Махмуд Аббастың сөзі оның жеке көзқарасын білдіреді

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың ақпарат өкілі Махмуд Аббастың сионистік режиммен келіссөз өткізу туралы сөздеріне тоқталып: "Бұл сөздер – Махмуд Аббастың жеке көзқарасы әрі Палестина халқының атынан айтылған жоқ",-деді.

Палестина автономдық құрылымының басшысы Махмуд Аббас Парижде Франция Президенті Эммануэль Макронмен ортақ баспасөз конференциясында жасырын немесе ашық түрде сионистік режиммен бір халықаралық арағайын арқылы жаңа бітім келіссөздерін бастауға дайын екенін хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  ХАМАС қозғалысының ақпарат өкілі Сами Абузахри Twitter-дегі жеке парақшасында: "Махмуд Аббастың сөзі оның "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсы болғанының жалғандығын көрсетеді. Бұл күн сайын Израильдің  басқыншылығына ұшырап отырған Палестина халқына жасалған соққы саналады",-деп жазды.

Махмуд Аббастың бұл сөздері АҚШ үкіметінің сионистік режимге толық жақтасып, "Ғасыр мәмілесі" жобасын орындау мақсатында өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіріп, жуырда Палестиналық босқындарға жәрдем беру және жұмыспен қамту агенттігіне (UNRWA) қаржылай көмектің тоқтатылғанын хабарлаған жағдайда айтылды.