Қыр 23, 2018 23:00 Asia/Almaty
  • Ирак Парламентінің өкілдері АҚШ пен Британия елшілерін Бағдадтан шығаруды талап етті

Ирак Парламентінің әл-Фатх коалициясының өкілдері: "АҚШ пен Британия елшілері Иракты бөлшектеуге әрекет жасап жатыр. Сондықтан оларды Бағдадтан шығару қажет",- деді.

"Меһр" ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі мәліметі бойынша, Ирак Парламентінің әл-Фатх коалициясының өкілі Ансар әл-Мусави АҚШ пен Британия елшілерін Басре облысындағы оқиға мен сол облыстағы қоғамдық және басқа да мекендердің өртенуіне қатысты деп атады.

Ирактың оңтүстігіндегі Басреде өткен апталарда халықтың жұмыссыздық, тұрмыс пен қоғамдық қызметтің  төмендеуі, су мен электр қуатының тапшылығы және мемлекеттік  органдардағы жемқорлыққа наразылық білдірген шерулері өтті.

Ирактың саяси қайраткерлері мен Парламент өкілдері Басредегі АҚШ консулдығын халықты зорлық-зомбылықтарға арандатушы деп санайды.

Ирак Парламентінің әл-Фатх коалициясының өкілі сондай-ақ, лаңкестік топтардың сәтсіздікке ұшырауымен АҚШ пен Британияның Иракты бөлуді діттеген қастандық жобасының іске асырылмағанын қуаттап: "Ирак үкіметі АҚШ пен Британия елшілеріне қатаң ұстаным білдіріп, елдің ішкі істеріне араласқаны үшін оларды шығарып жіберуі керек",- деді.

2017-ші жылдың желтоқсан айында Иракта ДАИШ-тың жойылуымен Ирак халқы мен  партиялары, саяси тұлғалары мен ақпарат құралдары елдегі шетелдік әскерилерді шығаруды талап етуде.

 

 

Тегтер