Ливанда "Шам уақыты бойынша" атты ирандық фильм көрсетіледі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i39195-Ливанда_Шам_уақыты_бойынша_атты_ирандық_фильм_көрсетіледі
2018 жылдың 11 қазанынан бастап "Шам уақыты бойынша" (Damascus Time) атты ирандық фильм Ливан кинотеатрларында бір ай бойы көрсетіледі.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 30, 2018 00:19 Asia/Almaty
  • Ливанда

2018 жылдың 11 қазанынан бастап "Шам уақыты бойынша" (Damascus Time) атты ирандық фильм Ливан кинотеатрларында бір ай бойы көрсетіледі.

Парсы, араб және ағылшын тілдерінде дайындалған "Шам уақыты бойынша" атты ирандық фильм Ливанның әртүрлі қалаларында көрсетіледі.

"Шам уақыты бойынша" атты ирандық фильм бұдан бұрын Сирия мен Ирак елдерінде халықтың, жауапты тұлғалар мен өнерпаздардың ыстық ықыласына бөленген болатын.

ДАИШ пен осы тәкфирлік топтың қылмыстары тақырыбында түсірілген бұл фильм екі ирандық ұшқыштың тағдырын баяндайды. Олар халықты ДАИШ-тың қоршауынан шығаруды көздейді, бірақ олардың ұшағы құлап, өздері түсініксіз жағдайға ұшырайды.

Бұл фильмге ирандық актерлермен қатар сириялық және ливандық актерлердің бір тобы да қатысқан.