Сионистік режимнің министрі Израильдің ХАМАС-пен күресуге шамасы келмейтінін мойындады
Сионистік режимнің Білім және Ғылым министрі жексенбі күні: "Газа секторының шекаралық аймағында орын алып жатқан оқиғалар қауіпсіздік сипатқа ие. Бұл Израильдің Соғыс министрі Авигдор Либерманның соғысқұмарлық саясаттарының салдары саналады",- деді.
Палестина ақпарат тарату агенттігінің хабарлауы бойынша, Нафтали Беннет: "Либерман Газа секторымен шекаралас орналасқан израильдік қоныстанушылардың қауіпсіздігіне мүлдем көңіл бөлмейді",- деді.
Сионистік режимнің Білім және Ғылым министрі сондай-ақ, Израильдің Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысымен (ХАМАС) күресгуе шамасы келмейтінін мойындады.
Басып алынған жерлерге қатысты келесі бір хабарға сәйкес, жексенбі күні 440 сионистік қоныстанушы Құдсты басып алушы режим полициясының қолдауымен Баб ул-Мағарибе қақпасы (Марокко қақпасы) арқылы әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кірген.