Израильдің көптеген белсенділері сионистік режимге санкция салу қозғалысына қосылды
(last modified Mon, 01 Oct 2018 18:08:30 GMT )
Қаз 02, 2018 00:08 Asia/Almaty
  • Израильдің көптеген белсенділері сионистік режимге санкция салу қозғалысына қосылды

Сионистік газет: «Сионистік режимге санкция салу дүниежүзілік қозғалысы (BDS) осы режимді жек көретін және Палестина халқына тілеулес израильдіктерді тартып жатыр», деп жазды.

Палестинаның ақпарат тарату орталығының дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, «Маарив» газетінің израильдік жазушысы Дурун Бруш: «BDS қозғалысының белсенділері әлемнің түкпір‑түкпірінде экономикалық, мәдени және ғылыми салаларда Израильге қарсы әрекет етеді. Алайда көптеген израильдіктердің осы қозғалысқа қосылуы бұрын‑соңды болмаған құбылыс болып отыр. Бұл адамдар Израиль армиясының бұрынғы сарбаздары және сионистік режимге қарсы белсенділік жасайтын еврейлер болып табылады.

BDS қозғалысына мүше израильдіктер 1948 жылы басып алынған жерлерде тұратын 1,5 млн палестиналықтың қиыншылықтары, сионистік қалашықтар және палестиналық балалар жайлы пікір алмасып, сұхбаттасады.

Израильдік тілшілердің бір тобы әртүрлі елдерге сапар шегіп, сионистік режимге қарсы үгіт-насихат жүргізеді. Бұл адамдар әдетте АҚШ пен Аустралия елдеріне  сапар шегіп, Израильге қарсы сөз сөйлейді»,‑деп баса айтты.

Сионистік режимге санкция салу дүниежүзілік қозғалысы (BDS) Палестинаның жапа шеккен халқын қолдау мақсатында әлемнің түкпір‑түкпіріндегі халықаралық компаниялар, университеттер мен институттарды сионистік режим мен сионистік басқыншыларға қатысты ұйымдарға санкция салуға ынталандырады.