Йеменде ешбір ирандық күш жоқ
Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің баспасөз хатшысы дүйсенбі күні саудиялық шапқыншы коалицияның Йемендегі ирандық күштердің орналасуы туралы уәждерін негізсіз деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Абдолсалам Джабер саудиялық шапқыншы коалицияның Йемендегі ирандық күштердің орналасуы туралы уәждерінің шындыққа жанаспайтынын айтты.
Саудиялық шапқыншы коалиция Йеменге шабуылының басынан осы уақытқа дейін Иранның Йеменге араласуы және бұл елге қару мен зымыран жіберуі туралы уәж айтуда. Бұл уәждерді йемендік басшылар сан рет теріске шығарды.
Йемендік басшылар ел армиясы қорғаныс күшінің толығымен жергілікті және жан-жақты қоршауға қарамастан күннен күнге артып келе жатқанын әрқашан қуаттап келеді.
Абдолсалам Джабер Йемендегі адами жағдайды апат деп атап, Йеменде миллиондаған адамның жедел жәрдемді қажет ететінін мәлімдеді.