Иран Иракты Президент сайлауымен құттықтады
(last modified Wed, 03 Oct 2018 10:03:12 GMT )
Қаз 03, 2018 16:03 Asia/Almaty
  • Иран Иракты Президент сайлауымен құттықтады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сейсенбі күні Бархам Салихты Ирактың жаңа Президенті болып сайлануымен құттықтады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми Бархам Салихтың Ирактың жаңа Президенті болып сайлануын қолдап, көршілес елдер Ирак пен Иранның ежелден келе жатқан мықты әрі бауырлас қарым-қатынастарының одан сайын дамып, екі халықтың экономикалық тұрғыдан жақсаруы мен достық байланыстары және аймақ пен әлем деңгейіндегі ынтымақтастықтарының артуына себеп болатындығына үміт білдірді.

Ирактың жаңадан сайланған Президенті Бархам Салих сайлаудан кейінгі бірінші сөзінде елдің Конституциясына берген антына табанды болып, Ирактың тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын  сақтайтынын қуаттады.

Бархам Салих сейсенбі күні кешке Адел Абдолмахдиді ресми түрде елдің жаңа кабинетін құруға міндеттеді.

 

 

 

Тегтер