"Хашд аш-Шааби": Әл-Бағдади кездейсоқ жағдайда Иранның зымырандарынан өлді
(last modified Fri, 05 Oct 2018 14:18:47 GMT )
Қаз 05, 2018 20:18 Asia/Almaty

Ирактың "Хашд аш-Шааби" ерікті күштері қолбасшыларының бірі Baghdad al Youm ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иранның дамыған баллистикалық зымырандары ДАИШ лаңкестерінің аса маңызды отырысы болып жатқан мекенді дәл нысанаға алып, соның салдарынан отырысқа бара жатқан жолда ДАИШ тобының басшысы Абубакр әл-Бағдади өлді",- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джаббар әл-Мамури Иранның жасаған зымырандық шабуылы нәтижесінде лаңкестердің үш қолбасшысымен қоса, ДАИШ лаңкестік тобының жергілікті басшыларының өлгенін баяндап: "Зымырандық шабуыл кезінде өлген Әли әл-Машһадани әл-Бағдадидің орынбасары және аталмыш топты басқару бойынша әл-Бағдадидің ізбасары болған",- деді.

 

 

Тегтер