Америкалық коалиция ДАИШ мүшелерін Сириядан тасымалдауда
(last modified Sun, 07 Oct 2018 10:52:31 GMT )
Қаз 07, 2018 16:52 Asia/Almaty
  • Америкалық коалиция ДАИШ мүшелерін Сириядан тасымалдауда

Сириялық ақпарат құралдары сенбі күні АҚШ басқаратын ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның осы лаңкестік топтың бір топ мүшесін Сирияның шығысындағы Дейр оз-Зордың оңтүстік-шығысында орналасқан әл-Шаафа қалашығынан шығарып алғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сириялық ақпарат құралдары америкалық коалиция тікұшақтарының лаңкестерді тасымалдау жұмысын атқарғанын хабарлады. Көбісі жаралы лаңкестердің қай жерге тасымалданғаны беймәлім. Әл-Шаафа қалашығы ДАИШ лаңкестік тобының бақылауында қалып отыр.  

Ресми мәліметтерге сәйкес, америкалық коалиция осы уақытқа дейін  Сириядағы лаңкестерге сан рет көмектескен.

Сирия Президенті Башар Асад жуырда: «Америкалық коалиция іс жүзінде ДАИШ лаңкестік тобының әуе күшіне айналды»,-деп мәлімдеді.  

Тегтер