Нетаньяху: Израиль Сирияның Голан жоталарынан ешқашан кетпейді
(last modified Tue, 09 Oct 2018 08:27:26 GMT )
Қаз 09, 2018 14:27 Asia/Almaty
  • Нетаньяху: Израиль Сирияның Голан жоталарынан ешқашан кетпейді

Сионистік режимнің премьер-министрі дүйсенбі күні өз режимінің Сирияның басып алынған Голан жоталарынан еш уақытта кетпейтінін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Сирияның Голан жоталарына келген Бениямин Нетаньяху: «Әлемдік қауымдастық бұл аймақтағы Израильдің егемендігін ресми түрде қабылдауы керек»,- деді.

Сионистік режим 1967-ші жылы Сирияның Голан жоталарын басып алып, біраздан кейін бұл аймқты өз жеріне қосып алды. Халықаралық қауымдастық Израильдің бұл аймақты өзіне қосып алуын еш уақытта ресми қабылдамады.

Нетаньяху сондай-ақ ИИР-на қарсы уәждерін қайталап: «Израиль Сирияда Иранның әскери базасының орналастырылмауына қатысты талпыныстарын жалғастырады»,- деп қуаттады.

Бениямин Нетаньяхудың бұл уәждері Иранның еш уақытта Сирияда әскери базасы болмаған жағдайда айтылып отыр. ИИР Сирияға ресми шақырумен келіп, лаңкестікпен күреске кеңес беру арқылы көмектесуде.