Иран мен Ирактың "Арбағин" шеруі жөніндегі комитеттерінің бірлескен отырысы өтті
(last modified Tue, 09 Oct 2018 15:41:27 GMT )
Қаз 09, 2018 21:41 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирактың

Хосейннің қырқының жылдығына орай зиярат жасайтын адамдардың Хузестанның Шаламче шекарасы арқылы қозғалысын жеңілдету мақсатында Иран мен Ирактың Арбағин шеруі жөніндегі комитеттерінің ортақ отырысы өтті.

Иран мен Ирактың "Арбағин" шеруі жөніндегі комитеттерінің ортақ отырысында Арбағин зияратшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зияратшылардың қозғалысын жеңілдету және шетел азаматтарының Шаламче шекара бекетінен тез өтуі мәселелері талқыланды.

Х.қ.ж.с.б. 1440 жылы сафар айының жиырмасы (2018 жыл 30 қазан) – әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет имам Хосейн (ғ.с) мен адал серіктерінің Кербала шөлінде шәһид болған күнінің қырқы. Бұл күні әлемнің жер-жерінен миллиондаған зияратшы Хосейннің қырқы-«Арбағин" рәсіміне қатысу үшін Кербала қаласына барады.

Ирактық ақпарат көздерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы шамамен 14 миллионға жуық зияратшы "Арбағин" кезіндегі жаяу жүру рәсіміне қатысқан. Соның ішінде 2 миллион ирандық зияратшы болған.

 

Тегтер