Иран Ирактағы қасиетті жерлерге 200 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық зат жөнелтті
(last modified Thu, 11 Oct 2018 10:30:09 GMT )
Қаз 11, 2018 16:30 Asia/Almaty
  • Иран Ирактағы қасиетті жерлерге 200 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық зат жөнелтті

Иранның Қызыл жарты ай қоғамының қажылық және зиярат бөліміне қатысты медициналық орталықтың басшысы 200 тонна дәрі-дәрмек пен күнделікті қолданылатын медициналық заттар, соның ішінде 400 түрлі дәрі мен 80 түрлі қажет зат сәрсенбі күні Ираннан Ирактағы қасиетті жерлерге жөнелтілгенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Әли Маршаи Иранның Қызыл жарты ай қоғамының жүк көліктерін Ирактағы қасиетті жерлерге жөнелту рәсімі аясында жасаған мәлімдемесінде 12 мың адамның, соның ішінде Иранның Қызыл жарты ай қоғамының жәрдемшілері мен мамандарының, қызметкерлерінің халықтық ұйымдар құрамында жәрдем беру үшін Иракқа аттандырылғанын айтты.

Х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың сафар айының 20 күні, сәйкесінше 2018 жылдың 30 қазанында Кербала даласында шәһид болған әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хосейн(ғ.) мен серіктерінің қырқының жылдығы аталып өтіледі. Әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған зияратшы осы күні Хосейннің (ғ.) қырқының жыдығы – «Арбағин» рәсіміне қатысу үшін Ирактың оңтүстігіндегі Кербала қаласына барады.

Ирак ақпарат құралдарының ресми статистикасы бойынша, 2017 жылғы Арбағин зиярат шеруіне шамамен 14 млн зияратшы қатысқан. 

 

Тегтер