"Арбағин" зияратшыларының бірінші тобы Иранның Астара шекаралық өткеліне енді
(last modified Mon, 15 Oct 2018 03:18:16 GMT )
Қаз 15, 2018 09:18 Asia/Almaty

Имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығы – «Арбағин» рәсімдеріне бара жатқан Иранның солтүстігіндегі шекаралас елдер зияратшыларының бірінші тобы Гилян облысының Астара шекаралық өткеліне енді.

Гилянның әкімі Мұстафа Салари Әзірбайжанның 60 азаматынан құралған «Арбағин» зияратшыларының бірінші керуенінің Астара шекаралық өткеліне енгенін хабарлап: "Биылғы «Арбағин» рәсімдеріне қатысу үшін Иранның солтүстігімен шекаралас елдерден Гилян арқылы Иракқа 12 000 шетелдік зияратшы сапар шегеді деген болжам бар. Олардың көбі – Әзірбайжан мен Грузияға мемлекеттерінің азаматтары",- деді.

«Арбағин» рәсімдеріне қатысатын шамамен 300-ге жуық әйел мен ерлер және балалардан құралған пәкістандық зияратшылардың бірінші тобын сенбі күні Систан мен Балучестан облысының "Арбағин" халықтық штабтың мүшелері қарсы алды.

Хиджри қамари жыл санағы бойынша 1440-ші жылдың сафар айының жиырмасы, милади жыл санағы бойынша 2018 жылдың қазан айының отызы –  әлем шиіттерінің үшінші  имамы Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктері Кербала даласында шәһид болған қырқының жылдығы – «Арбағин». Бұл күні әлемнің  әртүрлі елдерінен миллиондаған зияратшы Кербалада жиналады. Ирактың ресми статистикасы бойынша жыл сайын «Арбағин» күнгі жаяу шерулерге 14 миллионнан астам зияратшы қатысады.