Анкарадағы Иран елшілігіне бомба қойылғаны туралы ақпарат теріске шығарылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i39425-Анкарадағы_Иран_елшілігіне_бомба_қойылғаны_туралы_ақпарат_теріске_шығарылды
ИИР-ның Түркиядағы елшісі Анкарадағы Иран елшілігіне бомба қойылғаны туралы ақпаратты теріске шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 15, 2018 21:10 Asia/Almaty
  • Анкарадағы Иран елшілігіне бомба қойылғаны туралы ақпарат теріске шығарылды

ИИР-ның Түркиядағы елшісі Анкарадағы Иран елшілігіне бомба қойылғаны туралы ақпаратты теріске шығарды.

Тахерианфард Анкарада Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында: "Иранның Анкарадағы елшілігі қазір әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр. Барлық қызметкерлер елшіліктің күнделікті жұмыстарымен айналысуда",-деді.

Түркияның қауіпсіздік күштері Анкарада ИИР елшілігіне қарсы лаңкестік амалдар жасалу ықтималы жайлы ақпарат таратқаннан кейін бірнеше сағаттан бері Иран елшілігіне баратын көшелер Түркия полициясының бақылауына алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Кейбір ақпарат құралдары Анкарада Иран елшілігіне бомба қойылуына байланысты ғимараттың босатылғаны туралы хабарлады.