12 миллион йемендік аштық қатерімен бетпе-бет келіп отыр
Қаз 16, 2018 19:48 Asia/Almaty
Йемендегі БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы (WFP) кеңсесінің директоры дүйсенбі күні CNN арнасына берген сұхбатында 12 миллион йемендіктің аштық қатерімен бетпе-бет келіп отырғанын хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Сеффан Андерсон 18 миллион йемендіктің қай жерден тамақтанатындығына алаңдап отырғанын айтты.
Йемендегі БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестірушісі Лиза Гранде дүйсенбі күні ВВС арнасына берген сұхбатында Йемендегі соғыстың жалғасуы салдарынан елдің түкпір-түкіпіріндегі халықтың аштыққа душар болатындығын ескертіп: «Йемендегі соғыс тоқтатылмаса, ғасырдағы ең үлкен аштық апатына ұрындырады»,- деді.
Тегтер