Сионистік режимнің Газадағы шабуылында бір палестиналық қаза болды
(last modified Wed, 17 Oct 2018 10:00:29 GMT )
Қаз 17, 2018 16:00 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Газадағы шабуылында бір палестиналық қаза болды

Сионистік режимнің әскери ұшақтарының Газа секторындағы шабуылында бір палестиналық қаза болды.

Иран Телерадио ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сионистік режимнің әскери ұшақтарының сәрсенбі күнгі Газа секторының оңтүстігі мен Рафах қаласындағы қарсыласу күштерінің базаларына жасаған шабуылында бір палестиналық қайтыс болып, үш адам жарақат алды.

Палестинаның қарсыласу топтары мәлімдемесінде: "Қарсыласу күштері басқыншы Израиль режиміне қарсы тұруға дайын. Палестина халқын қолдап, қаруын сионистік дұшпанға қарсы қолданады. Сионистік режимінің "Қайтып оралу" шерулерін тоқтату әрекеттеріне қарсы табандылық білдіреміз",- деп баса айтты.

 

Тегтер