Хосейннің қырқы – «Арбағин» рәсімдеріне қатысу мақсатында 6500 пәкістандық зияратшы Захедан қаласына келді
Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Систан мен Белучистан облысындағы Ислам революциясы жетекшісінің өкілі сәрсенбі күні кешке Хосейннің қырқы – «Арбағин» рәсімдеріне қатысу үшін 6500 пәкістандық зияратшының өткен үш күннің ішінде Систан мен Белучистан облысының орталығы Захедан қаласына келгенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аятолла Аббасәли Сулеймани Систан мен Белучистан облысы халқының пәкістандық зияратшыларды ыстық ықыласпен қарсы алғанын айтқан.
Систан мен Белучистан облысы – Пәкістанды Орта Азия, Еуропа және Ирак елімен байланыстыратын жалғыз жол. Бұл облыстың шекарасы Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін пәкістандық зияратшылардың Кербалаға жетуі үшін ашылды.
Х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың сафар айының 20 жұлдызында, сәйкесінше 2018 жылдың 30 қазанында Кербала даласында шәһид болған әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хосейннің (ғ.) қырқы болады.