Нетаньяху палестиналық Хан әл-Ахмар ауылын қиратуға бұйрық берді
Сионистік режимнің Премьер-министрі басып алынған Құдстың шығысындағы палестиналық Хан әл-Ахмар ауылын толығымен қирату қажеттігін қуаттады.
"Маа" палестиналық ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Беньямин Нетаньяху жексенбі күні: "Палестиналық Хан әл-Ахмар ауылын қирату ұзақ уақыт алмайды. Қысқа мерзімде, бірнеше аптада орындалады",-деді.
Сионистік режим армиясының күштері мен көптеген ауыр техника палестиналық Хан әл-Ахмар ауылын қирату үшін ауылдың айналасына орналастырылды.
Сионистер Хан әл-Ахмар ауылын қиратумен қоса, олардың тұрғындарын мәжбүрлі түрде басқа жерлерге көшіруді көздейді.
Осы ауыл қиратылса, жүздеген палестиналық баспанасыз қалып, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алынған Құдстағы палестиналықтар тұратын аудандар арасындағы байланыс үзіледі.