Иранның шығысы мен батысындағы шекаралардан "Арбағин" рәсіміне қатысатын зияратшылар өтіп жатыр
(last modified Tue, 23 Oct 2018 03:08:59 GMT )
Қаз 23, 2018 09:08 Asia/Almaty
  • Иранның шығысы мен батысындағы шекаралардан

Иранның шығысы мен батысындағы шекаралардан имам Хосейннің (ғ.) қырқы – "Арбағин" рәсіміне қатысу үшін Ирак жеріне шетелдік зияратшылар өтіп жатыр.

Иранның оңтүстік-батысындағы Хузистан облысының әкімі Валиулла Хайяти сафар айының басынан (11 қазан) осы күнге дейін әртүрлі елдердің зияратшыларының Шаламчедегі халықаралық шекара арқылы Ирак жеріндегі Кербала мен қасиетті орындарға аттанғанын, Ресей, Ливан, Пәкістан, Әзірбайжан, Үндістан мен Түркия зияратшыларының көбінің Иракқа өту үшін осы шекараны таңдағанын айтты.

11 қазаннан осы күнге дейін Шаламчедегі халықаралық шекара арқылы Ирак жеріне аттанған зияратшылардың саны 130 мың адамнан асты.

Х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың сафар айының 20 күні (2018 жылдың  қазан айының 30) – Кербала даласында шәһид болған әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хосейн (ғ.) мен сенімді серіктерінің қырқы. Әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған зияратшы бұл күні имам Хосейннің (ғ.) қырқына қатысу үшін Кербала қаласына барады.