Сионист әскерилердің Газа секторына шабуыл жасауы салдарынан бір палестиналық қаза болды
(last modified Wed, 24 Oct 2018 09:19:13 GMT )
Қаз 24, 2018 15:19 Asia/Almaty
  • Сионист әскерилердің Газа секторына шабуыл жасауы салдарынан бір палестиналық қаза болды

Сионистік режимнің әскерилері сейсенбі күні Газа секторының Дейр әл-Балах аймағында тұратын палестиналықтарға шабуыл жасады.

IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Палестинаның Денсаулық министрлігі шабуыл салдарынан бір палестиналықтың қаза болып, жетеуінің жараланғанын хабарлаған.

Палестиналықтар Газа секторындағы «Оралу құқығы» шерулеріне ауқымды түрде қатысып жатыр. «Оралу құқығы» шеруі наурыз айының 30-нан басталып, әлі жалғасуда. Наурыздың 30-нан басталған шеруге қатысушылардың 200-ден астамы Израиль әскерилерінің оғынан қаза тауып, шамамен 22000 адам жараланды.

Көптеген мемлекеттер, соның ішінде ИИР мен халықаралық ұйымдар сионистердің бұл қылмыстарын айыптап келеді.

 

Тегтер