Иранның батыс шекараларынан Иракқа 1,5 милионнан астам "Арбағин" зияратшысы өтті
(last modified Sat, 27 Oct 2018 10:27:10 GMT )
Қаз 27, 2018 16:27 Asia/Almaty
  • Иранның батыс шекараларынан Иракқа 1,5 милионнан астам

ИИР Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы Иранның батысындағы үш шекара бекетінен Иракқа 1,5 миллион "Арбағин" зияратшысының өткенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бригада генералы Хосейн Аштари жұма күні Иранның батысында орналасқан Меһран шекара бекетіне барған соң шәһидтердің көшбасшысы хазірет Абаабдолла әл-Хусейннің кесенесіне зиярат жасауға асыққан халықтың қарасының артқанын айтып: "Зияратшылардың 65 пайыздан астамы Теһран шекарасы арқылы Иракқа өтті. Хусейннің қырқы "Арбағин" күніне орай зиярат жасайтындардың кейбіреуі Иранның оңтүстік-батысындағы Шаламче және Чазобе шекара бекеттерінен, зияратшылардың шамамен 3 пайызы әуе жолы арқылы Иракқа сапар шекті",- деді.

Х.қ.ж.с.б. 1440 жыл сафар айының жиырмасыншы жұлдызы, сәйкесінше 2018 жыл қазанның отызы әлем шиіттерінің үшінші имамы Хусейн (ғ.с) мен хазіреттің адал серіктерінің Кербала шөлінде қаза болған күнінің қырқы саналады.

 

Тегтер