Кербалаға 10 миллионнан астам зияратшы келді
Ирактың Кербала облысы әкімінің орынбасары Хусейннің қырқы – "Арбағин" рәсіміне қатысу мақсатында 10 миллионнан астам зияратшының Кербала облысына келгенін хабарлады.
Кербала облысы әкімінің орынбасары Әли әл-Маяли жексенбі күні Al Maalomah ақпарат агенттігіне берген сұхбатында биылғы жылғы "Арбағин" рәсіміне қатысу үшін Кербалаға 1 миллион 600 000 шетелдік зияратшының келгенін хабарлады.
Х.қ.ж.с.б 1440 жылдың сафар айының жиырмасы, сәйкесінше 2018 жылдың қазан айының отызы – әлем шиіттерінің үшінші имамы Хусейн (ғ.с) мен хазіреттің адал серіктерінің Кербала шөлінде шәһид болған күнінің қырқы – «Арбағин». Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған зияратшы Хусейннің қырқына арналған "Арбағин" рәсіміне қатысу үшін Кербалаға жиналады.