Кербаланың көгінде 15 ұшқышсыз ұшақ құлатылды
(last modified 2018-10-29T16:32:45+00:00 )
Қаз 29, 2018 22:32 Asia/Almaty
  • Кербаланың көгінде 15 ұшқышсыз ұшақ құлатылды

Ирак Премьер-министрі "Хашд әш-Шааби" халықтық күштерінің Хосейннің қырқы – «Арбағин» зияратшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқарып жатқан рөліне алғыс айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак Премьер-министрі әрі Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Адел Абдулмахди дүйсенбі күні қасиетті Кербалада қауіпсіздік күштері және «Хашд әш-Шааби" халықтық күштерінің қолбасшыларымен кездесіп, қауіпсіздік жобалары мен зияратшылардың кіріп-шығуы барысында атқарылатын қызметтермен танысты.

«Хашд әш-Шааби" халықтық күштеріне қарасты әл-Аббас жауынгерлік батальоны 20 қазанда Кербаланың көгінде 15 ұшқышсыз ұшақтың құлатылғанын хабарлады.

Ирактың шекарасы жыл сайын Хосейннің қырқы – «Арбағин» қарсаңында әлемнің әртүрлі елдерінен Кербалаға ағылған зияратшыларға толады.

Ирактық зияратшылар да елдің әртүрлі қалаларынан Кербаладағы имам Хосейннің (ғ.) кесенесіне жаяу барады.

Х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың сафар айының 20 күні, 2018 жылдың 30 қазанында Кербала даласында шәһид болған әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хосейн (ғ.) мен оның сенімді серіктерінің қырқы өтеді.  

 

Тегтер