Саудиялық прокуратура Хашоғджидің өлімінің ала жоспарланғанын мойындады
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы дүйсенбі күні саудиялық Бас прокурор Сауд бен Абдулла бен Мобарак әл-Муаджабтың түркиялық әріптесімен кездесуінде Сауд режимін сынаған тілші Хашоғджидің өлімінің алдын ала жоспарланғанын мойындағанын мәлім етті.
"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Грузия мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерімен ортақ баспасөз конференциясында сөйлеген Чавушоғлы Сауд Арабиясы мен Түркия Бас прокуратураларының Хашоғджи ісіне қатысты мәлімет алмасатындықтарын айтты.
Ол Сауд Арабиясының Хашоғджидің өліміне қатысты тексерісті тез арада аяқтайтындығына үміт білдіріп: "Сауд Арабиясы Бас прокурорының сапары маңызды болды. Сауд Арабиясы мен Түркия Бас прокуратуралары арасында Хашоғджи ісіне қатысты әріптестік ешбір кідіріссіз жалғасуы керек",-деді.