Түркия прокуроры Сауд Арабиясының прокурорын сынады
Түркия Прокуратурасына қарасты дереккөздерінің бірі Сауд Арабиясының Бас прокуроры Сауд бен Абдолла бен Мүбәрәк әл-Моаджабтың Түркия Прокурорының саудиялық тілші Джавад Хашағджидің мүрдесінің орны туралы сұраққа жауап бермегенін хабарлады.
"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, есімін атағысы келмеген Түркия прокуратурасына жақын дереккөзі сейсенбі күні Қатардың "Әл-Джазире" телеарнасына берген сұхбатында Түркия мен Сауд Арабиясы Бас прокурорлары отырысының сындарсыз болғанын Сауд Арабиясы прокурорының Хашағджиді өлтіргендер туралы сұраққа жауап бермегенін айтты.
Әл-Моаджаб сейсенбі күні Стамбұлдағы Арабстан консулдығында бір жарым сағат болғанымен, кездесу еш нәтижеге жетпеген.
Сауд Арабиясы халықаралық қысымдарға байланысты Түркиямен Хашағджидің өліміне қатысты ынтымақтастық жасауға дайын екенін жариялағанымен, осы кезге дейін еш оң әрекет жасаған жоқ.