Иран мен Ресей Сирия мәселесі жайлы тағы кеңесті
(last modified Mon, 05 Nov 2018 15:05:54 GMT )
Қар 05, 2018 21:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей Сирия мәселесі жайлы тағы кеңесті

Иран мен Ресейдің Сирия жайлы кеңестерінің жаңа кезеңі бүгін Теһранда Ресей президентінің Сирия істері бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьевтің қатысуымен өтті.

Лаврентьевтің Теһрандағы келіссөздерінің мақсатын саяси, әскери және қауіпсіздік салаларындағы ортақ бастамаларды дамытып, лаңкестікпен күрес саласында екіжақты және көпжақты серіктестік үдерісін қарастырып, Сирия дағдарысын тоқтату тақырыптары құрады.

Теһрандағы бүгінгі отырыс – осыдан көп уақыт бұрын екі елдің басшылары мен СІМ-лері және жоғары деңгейлі лауазым иелері деңгейінде басталған үдерістің жалғасы. Бұл келіссөздер Сирияға қатысты саясаттарды үйлестірумен қатар «Астана үдерісі» деп аталатын саяси бағдарлама қалпындағы аймақтық және халықаралық түйткілдерді шешу жолында үйлесімділік пен интеграция үшін тиімді мүмкіндік дайындайды.

ИИР-ның Сириядағы бұрынғы елшісі әрі Иран мен Еуразия зерттеу институтының сарапшысы Мохаммад Реза Рауф Шейбани Иран мен Ресейдің Сирия дағдарысын шешуге қатысты интеграциясының маңызы туралы сөзінде Иран мен Ресей арасындағы стратегиялық ортақ қажеттіліктің екіжақты ынтымақтастықтың қалыптасуына себеп болғанын атап айтты.  

Оның айтуы бойынша, шын мәнінде, бұл ынтымақтастықтың қалыптасуының өзектілігі аймақ жағдайына қатысты ортақ қоқан-лоққылармен қарсыласып, аймақ оқиғалары мен болашағының үдерісіне әсер ету қажеттілігімен, сонымен қатар Сириядағы майданның ушыққан жағдайымен түсіндіріледі.

Иран мен Ресей аймақтан тыс елдердің біржақты саясаттарына қарсы. Осы аяда Иран мен Ресей серіктестіктері соңғы жылдардағы аймақ дағдарыстарын басқаруда әсерлі болды.

Иран мен Ресей арасындағы стратегиялық коалиция Сириядағы дағдарысты саяси үдерісті нығайту арқылы неғұрлым тезірек доғаруды көздейді. Осы тұрғыдан Теһран отырысы өте маңызды саналады.

Майдандық оқиғаларда да ИИР Сирияның заңды үкіметінің өтінішімен және осы елде лаңкестікпен күресу үшін құзырға ие болды. Құзырының жалғастығы да осыған негізделген.

Дегенмен, Иранның құзыры не бұрын, не болашақта өзінің даусы мен көзқарасын сол елге таңуды көздеген жоқ, көздемейді. Иран алда да дос ел Сирия халқының ерік-жігерін қолдауын жалғастырады.

Сирия болашағы үшін кез келген шешім жолындағы бірінші және соңғы сөздің Сирия халқына тиесілі екендігі сөзсіз.

Осы принципке сәйкес, Иран мен Ресей серіктестіктері Астана келіссөздері үдерісінде қалыптасты.

Астана келіссөздері үдерісі Сирия мәселесін шешуде әсерлі болғандықтан Иран мен Ресейдің Түркияның ынтымақтастығымен Сириядағы лаңкестік пен соғыстың бүлігін бәсеңдету үшін талпыныстарын жалғастыруы қажеттілікке айналды.  

Бұл әрекеттестік Сирияның аумақ тұтастығы мен бірлігін сақтап, Сирия халқының ұлттық тәуелсіздігі мен құқықтарын құрметтеу арқылы ортақ шеңбер қалыптастырып, нәтижесінде Сирия халқының өз елінің болашақ тағдырын анықтауына ұластырады.  

Иран мен Ресейдің Сирия мәселесіндегі серіктестіктерінің көкжиегі лаңкестікпен күресу үшін тұрақты механизмдер жобалап, аймақтың басқа да түйткілдерін басқару үшін ортақ мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген.

 

 

Тегтер