33-ші "Оралу құқығы" шеруінде 1 адам шәһид болып, 37 адам жараланды
(last modified Sat, 10 Nov 2018 14:05:00 GMT )
Қар 10, 2018 20:05 Asia/Almaty
  • 33-ші

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешкісін Газа секторында ұйымдастырылған 33-ші "Оралу құқығы" атты шеру кезінде 1 палестиналықтың шәһид болып, 37 адамның жараланғанын хабарлады.

Al Alam арнасының мәліметі бойынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жараланғандардың ішінде бірнеше әйел мен баланың болғанын хабарлаған.

"Оралу құқығы" бейбіт шеруі "Жер күніне" орай наурыздың отызынан бастап Газа секторында басталып, жұма сайын әлі күнге дейін ұйымдастырылып келеді.

Наурыздың отызынан қазірге дейін шерулер кезінде 230-дан астам палестиналық азамат израильдік әскерилердің оғынан шәһид болып, 23 000-ға жуық адам жараланды.

Көптеген мемлекеттер, соның ішінде ИИР мен халықаралық ұйымдар сионистердің бұл қылмыстарын айыптап отыр.