Иран Бағдадтағы халықаралық көрмеге қатысып жатыр
(last modified Sat, 10 Nov 2018 17:32:14 GMT )
Қар 10, 2018 23:32 Asia/Almaty
  • Иран Бағдадтағы халықаралық көрмеге қатысып жатыр

45-ші Бағдад халықаралық көрмесі әлемнің 70 елінің, соның ішінде ИИР компанияларының белсенді атсалысуы және Ирак Премьер-министрі мен Иранның Бағдадтағы елшісінің қатысуымен өз жұмысын бастады.

ИИР‑ның Ирактағы елшісі Ирадж Масджеди сенбі күні Бағдадта ирандық және шетелдік компаниялардың өкілдері бас қосқан 45‑ші халықаралық көрменің салтанатты рәсімінде Иран компанияларына арналған павильонды ашты.

ИИР‑ның Бағдадтағы сауда өкілі Насер Бехзад 45‑ші Бағдад халықаралық көрмесі аясында сөйлеген сөзінде көрмеге әртүрлі салаларда жұмыс істейтін  ирандық 53 компанияның, соның ішінде өнеркәсіп, инженерлік‑техникалық қызметтер, кілем, текстиль, азық‑түлік, үй жиһаздары, әшекей бұйымдары, киім‑кешек пен машина жасау өнеркәсібі салаларына қатысып жатқанын айтты.  

45‑ші Бағдад халықаралық көрмесі 19 қарашаға дейін жұмыс істейді.

 

Тегтер