Сирияның парламенттік тобы Иран Мәжілісінің Төрағасымен кездесті
(last modified Wed, 14 Nov 2018 09:27:25 GMT )
Қар 14, 2018 15:27 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: "Сирияда лаңкестер жеңілген соң дұшпандар сол елдің халқы мен үкіметіне саяси тұрғыдан қысым жасауға кірісті",- деп мәлімдеді.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Сирияның парламенттік тобымен кездесуінде сөйлеген сөзінде Сириядағы лаңкестердің толық жойылуымен бұл елді қалпына келтіру құрылысы басталатындығына үміт білдірді.

Лариджани Иран мен Сирияның экономикалық ынтымақтастықтарына тоқталып, Иранда Сирияға жол салу және өнеркәсіп салалары бойынша жақсы көмектесе алатын көптеген компаниялардың бар екенін айтты.

Сирия-Иран парламенттік достық тобы басшысының орынбасары Мұхаммад Хосейн Рағиб әл-Хосейн: "Егер Сирия соғысында ирандық кеңесшілер болмағанда, бүгінгі жеңістер болмайтын еді",- деді. Ол АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін айыптап, Иран халқының Ислам революциясы жетекшісінің ақыл-кеңесімен санкциялардың салдарынан өтетінін баса айтты.

 

 

Тегтер