Иран басшыларына қастандық жобасының әшкереленуі – Бен Салманның жорылмаған түсі
Саудиялық тақмұрагері Мохаммад Бен Салман пара мен ауызбастырық беру арқылы екі жылдан бері өзін реформатор, заманауи саясаткер ретінде көрсетуге күш салып келеді.
Бірақ, енді наразы тілші Джамал Хашоқджиді өлтіру оқиғасының әшкереленуі Бен Салманнан қарсыластарын өлтіріп, бүлдіргі, қастандық жобалауға қатты ынта танытатын қылмыскер шаһзаданың бейнесін анық көрсетті.
Жақында америкалық The New York Times газеті деректі мақаласында Бен Салманның Иранға қарсы жобаларын хабарлап: «Арабстан тақ мұрагері Бен Салманға жақын барлау органдарының басшылары өткен жылы бизнесмендердің бір тобымен жеке компаниялар арқылы ирандық басшылардың өмірлеріне қастандық жасау туралы сұхбаттасты» деп жазды.
Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф қатарлық Al-Araby Al-Jadeed газетіне берген сұхбатта The New York Times газетінің мәліметін растап, Иранның бұл қастандықтан алдын ала хабары болғанын айтып: «Арабстан соғысты Иранның ішіне енгізетінін ресми түрде мәлімдеді. ИИР содан кейін әсіресе елдің шығыс шекараларында қарулы лаңкестік топтардың әрекеттерімен бетпе-бет келді. ДАИШ лаңкестік әрекеттерге барып, соның ішінде Ислам Кеңесінің Мәжілісіне шабуыл жасады» деді.
Бен Салманның қастандықтары Риядтың жаугершілік саясаттарының шынайы болмысын айқындайды. Бұл ел ресми түрде бүлік пен соғыстың, аймақты бөлшектеу жоспарларын жобалайтын ошаққа айналып отыр.
Бірақ, саудиялық басшылар Арабстанның Вашингтон мен Тель-Авивтегі саяси ойыншылар үшін «жем» болып отырғаны туралы шындыққа көзжұмбайлық танытады. Рияд олар үшін өз мақсаттарына жететін құрал ғана, одан артық ештеңе емес.
Трамптың сайлау қарсаңында сөйлеген сөздерінде Арабстанды көпе-көрінеу қорлап, Американың сыртқы саясатындағы Арабстанның маңызын төмендетіп: «Әл-Сауд бізге доллар мен алтын бере алмайтын жағдайда оны союға бұйыратын сауын сиыр сияқты немесе басқалардан бұл істі орындауды сұраймыз, болмаса, оларға сол істе көмектесеміз» дегенін естен шығармайық.
Риядты бәлкім, Америка мен Израильдің аймақтағы мақсаттарына жететін көпір деп атауға болғанымен, бұл көпірдің Арабстан үшін жеңіс көпірі болмайтыны анық.
Британдық The Independent басылымының тілшісі, сарапшы Роберт Фиск Бен Салманның жорылмаған түстерін сараптап: «Бүгінгі Таяу Шығыс мен осыдан 40 жыл бұрын репортаж жазу үшін барған Таяу Шығыстан өзгеше. Ол кезде Америка көбінде қиялдарға негізделгенімен, шын мәнінде өзіндік саясат ұстанды. Құлау қарсаңындағы Кеңес одағы да билік теңгерімін қалыптастыру үшін олардың алдында бой жазды. Енді қазір ДАИШ-тың жеңілгенін жариялап отырған – Иран Ислам Республикасы. Бұрын келіп: «Миссия аяқталды» деп жария ететін Америка президенті Джордж Буш болған» деп жазды.
Қалай болғанда да Бен Салман Америка мен Израильдің мақсаттары аясында Иран мен аймақ үшін жоспар құрып отыр. Иранға соққы беру – оның сол тектес қиялдарының бірі. Зарифтің бұл мәселеге қатысты сөзі өктем, ескерткен екпінмен айтылды.
Иран СІМ Зариф әлемдіктердің Арабстанның Қатарға санкция салып, қоршауға алуы мен Йеменді бомбалап, Ливан премьер-министрін қамағанына, Джамал Хашоғджиді өлтірген қылмыстарына көзжұмбайлық танытпайтындықтарына үміт білдірді.