Сионистік режимнің Газаға жасаған жуырдағы шабуылында 14 палестиналық шәһид болды
(last modified Thu, 15 Nov 2018 04:55:31 GMT )
Қар 15, 2018 10:55 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Газаға жасаған жуырдағы шабуылында 14 палестиналық шәһид болды

Газа секторындағы Палестина үкіметінің баспасөз орталығы сионистік режимнің Газаға жасаған соңғы шабуылында 14 палестиналықтың шәһид болып, 30-дан астам азаматтың жараланғанын хабарлады.

Газа секторындағы Палестина үкіметінің баспасөз орталығының мәліметі бойынша,  Газа секторындағы Палестина үкіметінің баспасөз қызметінің басшысы Саламе Маруф сионистік режимнің Газаға жасаған жуырдағы шабуылында 14 палестиналықтың шәһид болып,  30-дан астам азаматтың жараланғанын хабарлап:  "Сионистік режим өткен күндерде 150 әуе шабуылын жасап, мемлекеттік бірнеше ғимарат пен тұрғын үйлерді, азаматтық орталықтарды, ақпарат ұйымдарын, ауылшаруашылық жерлері мен қарсыласу күштерінің базаларын бомбалады. Сионистік режимнің тұрғын үйлер мен азаматтық орталықтарды бомбалауы әскери қылмыс саналады. Сондықтан әлемдік қауымдастық халықаралық заңдарға сәйкес шара қолдануы керек",- деді.