Газа халқы сионистік режим Соғыс министрінің отставкаға кеткеніне қуанып жатыр
Мыңдаған палестиналық Газа секторында Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияның үйінің алдына жиналып, қарсыласу күштерін қолдаумен қатар, сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерманның отставкаға кеткеніне қуаныштарын білдірді.
Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, Либерман сәрсенбі күні түсте өзінің Соғыс министрі қызметінен кететінін жариялап, бұл шешімнің себебін сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың ХАМАС-тың алдында тізе бүгіп, Газаны тыныштандыру және атысты тоқтату бітімін орнату үшін бұл қозғалыспен келісімге келуі деп атады.
ХАМАС қозғалысы Либерманның отставкаға кетуін Газа үшін саяси жеңіс, ал сионистік режим Соғыс министрі үшін Палестина қарсыласуы алдындағы жеңіліс деп атады.
Авигдор Либерман отставкаға кеткеннен кейін 9 жыл бойы сионистік режимнің Миграция министрі болған Софа Ландвер де қызметтен кететінін жариялады.