Йеменнің Сыртқы істер министрі: Сана зымыранды Ираннан емес, Кеңес одағынан алды
Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің Сыртқы істер министрі Хишам Шараф Абдулла АҚШ-тың жалған уəждерін теріске шығарып, Йеменнің Ираннан қару-жарақ алмағанын, баллистикалық зымырандарының көп жыл бұрын Кеңес одағынан алынғанын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің Сыртқы істер министрі CNN телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейлидің Иранның Йемен істеріне араласатыны туралы уəждеріне тоқталып: "Йемен бұл зымырандарды баяғыда орыстардан алған, содан соң қорғану үшін оларды дамытты.
Ирандықтар Йеменге ешқандай зымыран берген жоқ. Санада ұзақ жылдар бойы Сауд əулеті режимімен соғысуға жететін зымыран бар",-деді.