Сирияның әскери әуе күштері сионистік режимнің бір қырғи ұшағын құлатты
(last modified Fri, 30 Nov 2018 10:06:50 GMT )
Қар 30, 2018 16:06 Asia/Almaty
  • Сирияның әскери әуе күштері сионистік режимнің бір қырғи ұшағын құлатты

Сирия Әскерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Сирияның оңтүстігінде сионистік режимнің бір қырғи ұшағын құлатты.

Al Alam арнасының Сириядағы бір әскери дереккөзге сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Сирия Әскерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері бейсенбі күні кешке Дамаскке жақын маңдағы әл-Кисуа ауданының әуе кеңістігін бұзған бірнеше басқыншы зымырандар мен ұшақтарға оқ атып, нәтижесінде сионистік режим әскерінің бір қырғи ұшағы мен төрт зымыранын құлатқан.

Бір әскери дереккөз ресейлік Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сирия әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің басқыншылық жасаған кез келген зымыранмен жоғары дәлдікпен күресе алатынын айтқан. Сирия күштері басқыншы зымырандардың барлығын мақсаттарына жетпестен бұрын құлатқан.

 

 

Тегтер