Ливанда "Қарсыласу" тақырыбындағы фильмдердің фестивалі басталады
Ливанда дүйсенбі күні ирандық және ливандық мәдениет және кинематография саласының басшылары, режиссерлер мен өнерпаздардың қатысуымен "Қарсыласу» тақырыбындағы фильмдердің халықаралық фестивалі басталады.
Бұл кинематографиялық үдеріс басқа елдердегі «Қарсыласу» тақырыбындағы фильмдер аптасымен тұспа-тұс бірінші рет Бейрутте ашылады.
«Қарсыласу» тақырыбындағы фильмдердің халықаралық фестивалі осы уақытқа дейін 47 аптаның ішінде әртүрлі елде, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркия, Финляндия, Нигерия мен Үндістан, Сирия, Ливан, Ғазеде өтті.