Иран Манбидж қаласында Сирияның ұлттық туының желбіреуіне қуаныш білдірді
(last modified Sat, 29 Dec 2018 09:10:16 GMT )
Жел 29, 2018 15:10 Asia/Almaty
  • Иран Манбидж қаласында Сирияның ұлттық туының желбіреуіне қуаныш білдірді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Манбидж қаласында Сирияның ұлттық туының көтерілгеніне қуаныш білдірді.

Иран СІМ-нің ақпарат тарату дипломатиясы бас басқармасының жұма күнгі мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми сириялық күштердің Манбидж қаласына кіргеніне тоқталып, Сирияның ұлттық егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу қажеттігін баса айтып, Манбидж қаласында ұлттық туының көкке көтерілуін Сирияның заңды үкіметінің егемендігін бүкіл Сирия бойынша нығайтудағы маңызды қадам және сол елдің дағдарысын шешудегі жаңа қадам деп атады.

Сирия Әскерінің бас қолбасшысы жұма күні әскери бірліктерінің Манбидж қаласына кіріп, Сирияның ұлттық туын көкке көтергенін хабарлап: "Сирия Әскері бірліктерінің Манбидж қаласына кіруі осы қала тұрғындарының өтінішімен жүзеге асырылды",- деді.

 

 

Тегтер