"Оралу құқығы" шеруінде бір адам шәһид болып, 10 адам жарақат алды
Жел 29, 2018 15:23 Asia/Almaty
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке Газа секторында ұйымдастырылған 40-шы "Оралу құқығы" шеруі кезінде бір палестиналықтың шәһид болып, он адамның жарақат алғанын хабарлады.
Al Alam арнасының хабарлауы бойынша "Оралу құқығы" шеруі кеше жұма күні "Абыроймен өмір сүру құқығымыздан кері шегінбейміз" деген ұранмен ұйымдастырылды.
"Оралу құқығы" бейбіт шеруі Жер күніне орай наурыздың отызынан бері Газа секторында жұма сайын ұйымдастырылып келеді.
Наурыздың отызынан қазірге дейінгі шерулерде 253 палестиналық израильдік әскерилердің оғынан шәһид болып, 26 000-нан астам адам жараланған.
Көптеген мемлекеттер, әсіресе ИИР мен халықаралық ұйымдар сионистердің қылмыстарын айыптады.
Тегтер