Иран мен Сирия стратегиялық ынтымақтастық саласында келісіміне қол қойды
(last modified Sun, 30 Dec 2018 12:14:39 GMT )
Жел 30, 2018 18:14 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия стратегиялық ынтымақтастық саласында келісіміне қол қойды

Сирияның Сауда және сыртқы экономика министрі және Иранның Қала құрылысы мен жол министрінің қатысуымен Теһранда Иран мен Сирия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Иранның Қала құрылысы мен жол министрі Мұхаммад Ислами жексенбі күні Сириямен стратегиялық ынтымақтастық келісіміне қол қою рәсімінде бұл келісімнің іске асырылатындығына үміт білдіріп: «Бүгінде екі елдің ежелден келе жатқан қарым-қатынасы мен ынтымақтастықтары тарихи маңызды кезеңге жетті»,- деді. Ислами Сирияға тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылықтың оралғанына тоқталып: «Бұл ынтымақтастық келісімі екі ел арасындағы ортақ жұмыстардың артуы мен екі елдің халқы мен жекеменшік бөлімінің үкіметтерінің қолдауымен дамып, бірқалыпты өмір сүруге жеткізеді»,- деп қуаттады.

Сирияның Сауда және сыртқы экономика министрі Мұхаммад Самер әл-Халил Иранмен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуына ризалық білдіріп: «Сирия лаңкестік топтар мен үстемшілердің қолдауына ие күштердің әрекеттерінің салдары болған 7 жылға созылған соғыстан құтылды»,- деді.

  

 

 

 

 

Тегтер