"Оралу құқығы" атты 40-шы шеруде 20 адам жараланды
(last modified Sat, 05 Jan 2019 07:18:45 GMT )
Қаң 05, 2019 13:18 Asia/Almaty

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке Газа секторында ұйымдастырылған "Оралу құқығы" атты 40-шы шеруде 20 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.

Al Alam арнасының мәліметіне сәйкес, "Оралу құқығы" шеруі жұма күні "Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтірумен қарсыласу" деген ұранмен ұйымдастырылды.

Сионистік режим әскерилері палестиналық шерушілерді басып-жаныштау барысында әскери қарулардан оқ атумен қоса, палестиналықтарға көз жасаурататын және улы газ қолданған.

Палестиналық дереккөздер улы газ салдарынан ондаған палестиналықтың тұншыққанын хабарлады.

"Оралу құқығы" бейбіт шеруі "Жер күніне" орай наурыздың отызынан бері Газа секторында басталып, әлі күнге дейін ұйымдастырылып келеді.

Наурыздың отызынан қазірге дейін шеру кезінде Израиль әскерилерінің оғынан 253 палестиналық шәһид болып, 26 000-нан астам адам жарақат алған.

Көптеген, елдер, соның ішінде ИИР мен халықаралық ұйымдар сионистердің қылмыстарын айыптайды.